Үкімет сағатында экологиялық проблемалар және оларды шешудің жолдары талқыға салынады

АСТАНА. Маусымның 25-і. қазАқпарат - Дүйсенбі, маусымның 28-і күні, Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер «Қазіргі экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары» деген тақырыпты талқыға салады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Үкімет сағатында экологиялық проблемалар және оларды шешудің жолдары талқыға салынады

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Үкімет сағаты Мәжілістің отырыс залында сағат 10-00-де басталады.