16:34, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Үкімет сағатында елімізде ғарыш қызметінің дамуы жөнінде мәселе қаралады
ТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 19 қыркүйекте, сағат 10-да Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметінің дамуы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.