Үкімет сағатында мал шаруашылығы саласының дамуы жөнінде мәселе қаралады
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 8 қараша күні, Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні төменгі палатаның депутаттары «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығы саласының дамуы» деген тақырыпты талқыға салады.
Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.