Үкімет сағатында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және Қарашығанақ жобасына қатысты мәселелер талқыға салынады

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 5 наурыз күні, сағат 10-да Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарында Үкімет сағаты өтеді.

Үкімет сағатында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және  Қарашығанақ жобасына қатысты мәселелер талқыға салынады

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай  және газ министрі Сауат Мыңбаев баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.