13:19, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Үкімет сағатында Мұнай және газ министрлігінің жұмыстары талқыланады
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 22 сәуір күні Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты жоспарланып отыр.
Жиын «Мұнай және газ министрлігінің 2012 жылғы жұмыстарының қорытындылары мен 2013 жылға арналған міндеттері туралы» атты тақырыппен өтетін болады.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Үкімет сағатының қамтыған тақырыбы бойынша депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, министр депутаттар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беретін болады.