14:32, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкімет сайтында ҚР Премьер-Министрінің жеке блогы өз жұмысын бастады
АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат. ҚР Үкіметінің сайтында www.government.kz Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің жеке блогы өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Блогтың алғысөзінде Кәрім Мәсімов бұл жобаның негізгі мақсаты «Үкіметтің қызметіне, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қабылдауға ыңғайлы күйде қызықты және тиімді ақпарат беру» екенін атап өтті.
Алдағы уақытта блог сайтты пайдаланушыларға қажетті барлық ақпаратпен толықтырылып отырады.
Сондай-ақ Премьер-Министр блог оқырмандарымен кері байланыс орнатуға мүдделілік танытып, сайтқа кірушілерді ой бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтуға шақырды.