Үкімет шалғайдағы елдімекендер тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету үшін 50 жылжымалы медициналық кешен сатып алмақ

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміздің шалғайдағы және жетуі қиын өңірлеріндегі ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Үкімет жалпы құны 4,3 млрд. теңге тұратын 50 жылжымалы медициналық кешенді (ЖМК) сатып алу туралы шешім қабылдады.

Үкімет шалғайдағы елдімекендер тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету үшін 50 жылжымалы медициналық кешен сатып алмақ

Бұл туралы ҚР Денгсаулық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жылжымалы медициналық кешендерді Көкшетау қаласындағы «Казинжиниринг» өнеркәсібі шығарады. Бұндай кешендер Шымкенттегі «Казмедприбор» өнеркәсібі жеткізетін қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадаларымен қамтамасыз етілген.

Мұндай кешендер «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ЖМК дәрігерлері жыл сайын халықтың жалпы санының және профилактикалық тексерулердің кем дегенде 30 пайыз бөлігін қамтитын халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін өткізеді. Бұл ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, сондай-ақ асқынуларға, мүгедектікке және өлім-жітімге әкеп соғатын аурулардың ауыр белгілерін тоқтатуға мүмкіндік береді.

ЖМК-лер қызметі шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарына мамандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға, ауылдарда бейінді мамандардың және медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының жеткіліксіздігін орнын толтыруға мүмкіндік береді.

Өткізілетін іс-шаралар 2,2 миллионнан астам ауыл тұрғынын медициналық тексерумен және диспансерлеумен мүмкіндік береді. Бұл тұтастай ауыл тұрғындарының денсаулығы көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді.