Үкімет «Тәуекелдерді бағалау жүйесі» заң жобасын бір ғана тәуекелдерді бағалаумен байланысты айлалы әрекеттері үшін тез арада кері шақыруға міндетті - А.Перуашев

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет «Тәуекелдерді бағалау жүйесі» заң жобасын бір ғана тәуекелдерді бағалаумен байланысты айлалы әрекеттері үшін тез арада кері шақыруға міндетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты.
None
None

Оның айтуынша, қазір Мәжілісте «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасымен жұмыс аяқталып келеді, екінші оқылым 20 қарашаға жоспарланған. Осы заң жобасында Төтенше жағдайлар министрлігімен «Тәуекелдерді бағалау жүйесі» заңдастырылады. Оған сәйкес бақылаушы органдардың тексеруінен құтылуды қалайтын Өртке қарсы комитет сияқты кәсіпорындар, ТЖМ-де аккредиттелген «тәуекелдерді тәуелсіз бағалауды» жүргізетін әлдебір жеке ұйыммен коммерциялық шарт жасауы қажет. «Бұл - тікелей заңнамамен, Президент жарлықтарын қоса алғанда, рұқсат етілмеген, мемлекеттік бақылау қызметін коммерцияландырудың нағыз өзі. Негізінде, тәуекелдерді бағалау жүйесі, Президент әділ атап өткендей, оңтайландыру, тексерулерді қысқарту үшін енгізілген. Ал, ТЖМ кәсіпорындарды оларды тағы да тексермес үшін төлеуге мәжбүрлей отырып, бұдан сауын сиырды қалай жасауды ойлап тапты. Мұндай «жаңашыл идеялар» осы заңда жетіп артылады», - деді ол.

А.Перуашевтің сөзіне қарағанда, министр В.Божко осы сыннан кейін баспасөзде «Ақ жолдың» ұсыныстары азаматтық қорғаудың қолданыстағы жүйесіне қауіп төндіреді деп мәлімдеген. «Мен бірден оның өзін тікелей эфирде біздің заңға деген талап-тілектерімізді талқылауға шақырдым, алайда ол үнсіз қалды. Ал, бізге миллиондаған халқы бар қаланы жер сілкінісі дүр сілкіндіріп, мегаполис әуре-сарсаңға түскенде, министр бұл туралы оны оятқан вице-премьерден біліп жататын мұндай жүйенің керегі жоқ»,- деді депутат.

Халық қалаулысының атап өтуінше, көлемі 107 парақтан тұратын құжатқа депутаттар 1500-ден артық түзетулер енгізген. «Әр параққа 14 түзетуден - оқушыларға осындай мөлшердегі қателері үшін сұрамай-ақ екі қояды, ал біз бұл заңды сыбайлас жемқорлықты тудыратын талаптарымен қабылдағалы және орындағалы тұрмыз. Егер Үкімет Президентті тыңдаса - онда осы заң жобасын бір ғана тәуекелдерді бағалаумен байланысты айлалы әрекеттері үшін тез арада кері шақыруға міндетті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар