Үкімет теңгенің АҚШ долларына бағамын қайта қарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет мүшелерінің қарауына 2019-2023 жылдарға арналған негізгі макрокөрсеткіштердің және 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің нақтылануы мәселесі енгізілді. Аталған мәселе бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Соңғы екі айда мұнай бағасы біршама құбылмалылықты көрсетеді. Биылғы жылдың қазан айының басында ол 86,2 АҚШ долларын құраса, 23 қарашада мұнай бағасы барреліне 58,8 АҚШ долларға төмендеді. Ауытқу 32 пайызды құрады. Осыған орай, әлемдік нарықтардағы ағымдағы жағдайын және халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдарын ескере отырып болжамды мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан 55 АҚШ долларына дейін төмендеді. Осыған байланысты теңгенің АҚШ долларына бағамы қайта қаралды. Есепті бағамды 370 теңге деңгейінде белгілеуді ұсынамыз», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2019 жылы 3,8  пайызды құрайды. Бұл ретте жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4,1 пайыз болады. 2019 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,0  триллион теңгеден 2023 жылы 86,5 триллион теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2019 жылы 9,4 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылы 12,1 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Өңдеу өнеркәсібі 4,1, тау-кен өндіру 3,0 пайызға өсуде. Ауыл шаруашылығында -6,4, құрылыс саласында - 4,1, саудада - 4,4 пайыз өсім күтіледі.

«Экспорт көлемі 2019 жылы  54,1  миллиард АҚШ долларын құрайды. 2023 жылы 65,7  миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Импорт 2019 жылы  32,9  миллиард АҚШ долларынан 2023 жылы 39,6 миллиард АҚШ долларға дейін өседі. Мұнай өндіру көлемі 2019 жылғы 88,0 миллион тоннадан 2023 жылы 99,0 миллион тоннаға дейін артады», - деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің дерегінше, 2019 жылы инфляция бұрын мақұлданған 4-6 пайыз деңгейінде сақталады. Ал 2020-2023 жылдары3-4 пайызға дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум