Үкімет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық инвестор тартуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық инвестор тартуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Үкімет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық инвестор тартуды жоспарлауда

«Тұрғын үй құрылыс саласындағы талаптарды азайту үшін бюджеттік қаражаттар көптеп жұмсалуы керек болады. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің 50 де 50 талабын өзгерту дегеніміз - қосымша бюджет қаржысының бөлінуі деген сөз», - деп атап өтті министр банктің несие талаптарының жеңілдетуі жөніндегі сауалға қатысты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта банк Қазақстанның топ-60 республикалық объектінің қатарына кіреді.

«Біз оған стратегиялық инвесторды тартуды жоспарлап отырмыз. Егер ол келсе, тактиканы және банк стратегиясын өзгертуге болады. Бюджеттік және инвесторлық қаражаттарды қолдану мүмкіндігі туады», - дейді Е. Досаев.