Үкімет үлескерлер қаражатының кепілдік қорын құру мәселесін қарастырып жатыр - Е. Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үлескерлер қаражатының кепілдік қорын құру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Үкімет үлескерлер қаражатының кепілдік қорын құру мәселесін қарастырып жатыр - Е. Досаев

«Біз осы бағыттағы тетікті қарастырып жатырмыз. Бізде үлестік салым мәселесі бойынша арнайы кепілдендірілген қор құру мәселесі бар. Бұл - Оңтүстік Кореяның тәжірибесі. Бұл жұмысты біз «Бәйтерек» ұлттық холдингімен ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтайтын боламыз, тиісті толықтырулар мен өзгерістер де қажет. Соған орай, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін үлескерлер қаражатын қатаң реттеу жөніндегі заңнамалық базаны әзірлейміз деп ойлаймын», - дейді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында құрылыс компанияларына талаптарды қатайту жөніндегі жалпы нормалар да енуі мүмкін.