Үкімет ұлттық валютаны девальвацияламай отыра берген болса, отандық тауар импортпен бәсекелесе алмай қалар еді

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Нұрсерік Қабидашұлы/ -Егер Үкімет ары қарай ұлттық валютаны девальвацияламай отыра берген болса, отандық тауар импортпен бәсекелесе алмай қалар еді.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Басқару институты Қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының докторы Раушан Жүнісова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылдың басынан 2009 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта Ресейдің ақшасы долларға шаққанда 44 пайызға арзандаған, Белоруссияда ? 28 пайыз, Украинада ? 53, ал Ұлыбританияда фунт стерлинг долларға шаққанда 38 пайыз құнын жоғалтқан. Ал Норвегияның валютасы 28 пайызға құнсызданса, Канададағы бұндай көрсеткіш ? 26 пайыз, Бразилияда ? 31, Австралияда 27 пайызға жеткен. Осының салдарынан шетел тауарлары арзандап, отандық тауар өндірушілердің өнімдері сұраныстан шыға бастады. Егер Қазақстан Үкіметі ары қарай ұлттық валютаны девальвацияламай отыра берген болса, отандық тауар импортпен бәсекелесе алмай қалар еді. Осыны ескерген Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп теңгенің құнын долларға шаққанда 25 пайызға арзандатты», - деді Р. Жүнісова. Оның айтуынша, әлемдік дағдарыстың алғашқы толқыны келіп соққанда Үкімет теңгенің тұрақтылығын ұстап қалды. Сондай-ақ халыққа қиын соқпас үшін Алтын қордан 6 миллиард доллар шамасында қаржы жұмсалған. «Жалпы, инфляция жағдайында ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін девальвацияны ең қолайлы әдіс деп қарауға болады. Бұл шараны кез келген мемлекет экономикалық дағдарысқа қарсы қолдану мақсатында жасайды», - дейді экономика ғылымдарының докторы.
Соңғы жаңалықтар