Үкімет үйінде инновацияларды дамыту мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында жаңа инновациялық технологияларды дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
None
None

Кеңес барысында бизнес-инновацияларды қолдау, нақты сектор тарапынан жаңа технологияларға сұранысты ынталандыру, сондай-ақ Назарбаев Университеті, АХҚО және IT-стартаптардың халықаралық технопаркі төңірегінде цифрлық және өзге де инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар