Үкімет үйінде ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтеді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ертең, 9 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтеді.
None
None

Бұл туралы аталмыш Ұлттық комиссияның хатшылығынан мәлім етті.

Отырыста келесідей мәселелер қаралатын болады:

1. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді, жалпыға бірдей орта білім беретін және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтарға, неке және отбасын нығайту негіздеріне оқыту жөніндегі жұмыстар туралы; 

2. Балаларға қызмет көрсету бойынша қосымша білім беру ұйымдарының қызметтерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты);

3. Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алду алу саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету (Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ақпараты).

Әлемдік тарихи тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің экономикалық жетістіктері және азаматтардың материалдық әл-ауқаттары өздігінен өзі қоғамның рухани және адамгершілік дамуына кепілдік бермейді. Атап айтқанда, рухани-адамгершілік берік іргетас негізінде  ұлттың тарихи өміршеңдігін қамтамасыз ететін тұрақты менталитеті, ділі қалыптасады.   

Өзекті міндеттер педагогтердің отбасылармен, түрлі отбасылармен жеке-жеке тәсілдер бойынша  жұмыстар жасауы болып отыр. Қосымша білім беру ұйымдарында отбасылармен өзар іс-әрекеттер жасау мәселесі бойынша педагогтердің кәсіби біліктілік құзыреті жеткіліксіз болуда; Өзара іс-әрекет жасаудың барынша тиімді нысандарын іздеу және енгізу арқылы ата-аналарды мектеп өміріне және баланы әлеуметтендіруге қатысуға тарту талап етіледі.

Қазіргі кезде елдің, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы белгілі бір оң үрдістерге қарамастан, әсіресе жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дағдарысты бастан кешірулері жалғасуда. Оған кәмелетке толмағандар арасындағы жасалған қылмыстың жоғары деңгейі куә болады. Мысалы, облыс орталығы Шымкент қ. 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жасөспірімдер қылмысының 33,6%-ға немесе 113-тен 151-ге дейін өскені тіркелді. Облыс бойынша мектеп, лицейлер мен гимназиялар оқушылары жасаған қылмыстар көлемі 31,3%-ға ұлғайды (163-н 214-ке дейін), 4 адам өлтіру тіркелді және т.б. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін ішкі істер органдарына 3 мың.астам кәмелетке толмағандар жеткізілді, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкендер саны 82.

Ұлттық комиссия Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық  профилактикасы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етудің жағдайы зерттей келіп, қазіргі кезде Шымкент қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында мектеп инспекторлары бекітілгенін (98), ал тұтастай алғанда облыс бойынша - 213 мектеп инспекторы бекітілгенін атап өтті. Облыстың 801 мектебінде «полицияның жас көмекшілері» отрядтары құрылды, оған 17604 оқушы қатыстырылды, 3984 ата-ана қатысатын «әкелер кеңесі» құрылды, олар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық  профилактикасымен айналысатын болады. 

Алайда  ведомствоаралық  өзара іс-қимылдың  жетіспеушілігіне, жергілікті билік органдарында, ҮЕҰ және жергілікті қоғамдастықта  профилактикалық жұмыстардың бірыңғай үйлесімінің жоқтығына қарай облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-қимылдың бірыңғай тұғырнамасы қалыптастырылмаған. Барлық бағдарламалар мен жобалар үздік-создық және тиімсіз. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті нашар пайдаланылады, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың қолайсыз отбасылармен және балалармен профилактикалық жұмыстарға бағытталған мақсатты лоттары жоқ.

Отырысқа депутаттар, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің және Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылары қатысады.

Соңғы жаңалықтар