Үкімет үйінде сәйкестік сертификатынсыз сатылып отырған Иран цементіне қатысты мәселе көтерілді

Отырысқа қатысушылар Қазақстанда сәйкестік сертификаттарынсыз сатылып отырған Иран цементін импорттау мәселесін қарады. 2011 жылдың басынан бері Қазақстан аумағына кіргізіліп отырған ирандық цементтің көлемі 6 есе өсіп, 2014 жылы 241 150 тоннаны құраған. Ираннан импортталатын цементтің өсіп кеткен көлемі төмен баға жағдайында қазақстандық тұтынушылардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етіп, бүкіл отандық цемент өнеркәсібіне күрделі зиян келтіру қаупін арттырып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп ирандық өндіріс цементінің импорты және оны сатумен айналысатын субъектілерге қатысты олардың сертификаттарының болуы, ұлттық заңнама талаптарының таңбалануына сәйкес келуі бойынша тексерістер өткізу тапсырылды.
Қаржы министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе отырып, бір айлық мерзімде импорттаушылардың кіргізілген өнімнің сәйкестілігін растайтын құжаттарының заңдылығы бойынша жұмыс өткізіп, цементтің сәйкестік сертификаттарынсыз импортталуына жол бермеу бойынша шаралар қолдануы тиіс.
Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ, мемлекеттік органдарға контрафактілік аккумуляторлар мен кабельдік-өткізгіш өнімдерді импорттаушылар мен сатушыларға қатысты шаралар қолдануды тапсырды.