Үкімет үйінде жекешелендіру мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарланды primeminister.kz сайтында.
None
None

Отырыс барысында жекешелендіруге қатысты кейбір мәселелер, соның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жобалық кеңсесінің компаниялардың акциялар пакеттерін көпшілік арасында таратуға дайындық жұмыстарына және топтың кейбір активтерін қайта құрылымдау немесе өткізу тәсілдерін бекітуге қатысты ұсыныстары талқыланды. Сондай-ақ, күн тәртібінде «Самұрық-Қазына» басқару жүйесінің реформасына байланысты мәселелер қаралды.

Соңғы жаңалықтар