Үкімет үйіндегі кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан құқықтық реформаның алдағы бағыттары талқыға салынды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Үкімет үйінде Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен құқық қорғау қызметі мен сот жүйесін реформалау мәселелері жөніндегі кеңес болып өтті.

Үкімет үйіндегі кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан құқықтық реформаның алдағы бағыттары талқыға салынды

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізіліп жатқан құқықтық реформаның алдағы бағыттары, соның ішінде құқықтық заңнаманы ізгілендіру, бизнесті құқық қорғау органдары тарапынан болатын қысымнан қорғау, сонымен қатар олардың жұмыстарының тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.