Үкімет заңнамалық тұрғыда әйелдер жасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында заңнамалық тұрғыда әйелдер жасын ұлғайтуды және бірыңғай зейнетақы қорын құруды көздейтін заң жобасы мақұлданды.

Үкімет заңнамалық тұрғыда әйелдер жасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасын мақұлдады

«Назарларыңызға Үкімет жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының шешімі бойынша Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары ұсынылып отыр. Заң жобалары Мемлекет басшысының зейнетақы жүйеесін жаңарту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру тапсырмаларына сәйкес әзірленді», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миинстрі Серік Әбденов.

Оның атап өтуінше, әйелдердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа дейін көтеру 10 жыл ішінде 6 ай сайын кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Ведомствоаралық жұмыс тобы аталған кезеңнің бірінші сатысын келер жылдың 1 қаңтарынан бастауды ұсынуда.

Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін аталған заң жобасының Министрлер кабинеті тарабынан қолдау тапқандығын атап өткен С.Әбенов: «Заң жобасы мақұлданды, Мәжіліске жіберіледі», - деді.