Үкімет Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеді - К.Мәсімов

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың отбасына Үкіметтің атынан және өз атынан көңіл айтты.

Үкімет Жаңаөзен оқиғасы кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеді -  К.Мәсімов

«Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеді», - деп атап өтті К.Мәсімов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен Жаңаөзен қаласының жағдайын қалпына келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада төтенше жағдай енгізген болатын.