Үкімет жанар-жағармай бағасын бақылауда ұстайтын болады - Премьер-Министр

Бұл туралы бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдарымен болған брифингте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мендегі ақпарат бойынша А-92 және А-93 маркалы бензиннің бағасы ел бойынша тұрақтандырылды. Дизель отыны, А-80, А-92, А-93 маркалы бензиннің бағасы Үкіметтің бақылауында, 2010, 2011 және одан кейінгі жылдарда да осылай болады», деді брифингте К. Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет жанар-жағармай бағасын бақылауда ұстап тұру жөнінде шешім қабылдады. Енді оны жарнамалық тәртіпте рәсімдейтін болады. Осы орайда қазіргі таңда Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі тиісті заңнама әзірлеп жатыр. «Егер, жанар-жағармайдың бағасына қатысты қандай да бір өңірлерде мәселе туындаса, сіздерден өтінемін, мені хабардар етіңіздер», деді Үкімет басшысы БАҚ өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.