Үкімет жанындағы ғылыми-техникалық комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы жоғары ғылыми-техникалық комисссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті,

Үкімет жанындағы ғылыми-техникалық комиссияның кезекті отырысы өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық сарапшылар кеңесінің және ғылыми ұйымдардың  өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасында ғылымды реформалаудың бағыттары жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы қызметінің қорытындысы туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев баяндама жасады.

Ғылымды әрі қарай реформалаудың мақсаты ұлттық инновациялық жүйені дамытуға қажетті жағдай туғызу болып табылады. Ғылыми басымдықтар бойынша қаржыландырудың гранттық жүйесін енгізу, мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдар үшін базалық қаржыландыруды айқындау, мемлекеттік ғылыми - техникалық сараптама жүйесін құру, басымдықтағы салалық бағыттар бойынша ғылыми кеңестерді қалыптастыру, университеттік ғылымды дамыту сияқты шешуші бағыттар айқындалды.

ЖҒТК мүшелері ұсынылған әдістемелерді тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдады.

Премьер- инистр өкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына енгізілген ұсыныстарды түпкілікті қарау үшін әрі қарай пысықтауды тапсырды.