Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді,

Үкімет жанындағы  Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның  кезекті  отырысы  өтті

деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мәжіліске қатысушылар Үкіметтің 2010 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары жоспарының атқарылу сапасы мен қарқынын, сондай-ақ исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру, банк қызметін үйлестіру және сот өндірісі кезіндегі бітімгершілік процедуралар институтын енгізу мәселелеріне қатысты заң жобаларының тұжырымдамаларын талқылады. Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісін және айналымын реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасы қайта қаралды.

Жұмыс қорытындысы бойынша комиссия «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдерді азайту мәселесіне қатысты банк қызметі және қаржылық ұйымдарын реттеу мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жұмыстарын мақұлдады және жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган - Қаржылық қадағалау жөніндегі агенттікке - мәжілісте айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, тұжырымдаманы жетілдіруге кеңес берілді.

Ал Қаржы министрлігіне «Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Үкіметтің қорытындысының жобасын әзірлеу туралы, Әділет министрлігіне - міндетті нотариалдық куәландыруға жататын азааттық-құқықтық мәмілелердің тізбесін толықтыру туралы кеңестер берілді.

Ал қосымша мәселелерді зерделеу аясында комиссия «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының әзірлемелерін мақұлдады.