11:25, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Үкімет «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша» ҚР заңының жобасын мақұлдады
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша» ҚР заңының жобасын мақұлдады.

Аталған заң жобасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев баяндама жасады.
Айта кетейік, ҚР Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес ауылдық әкімдерді сайлауды қарастыратын «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша» заңның жобасы әзірленді.
Бұл құжаттың мақсаты - жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасау болып табылады. Белгілі болғанындай, заңның жобасы Президент Әкімшілігіне ағымдағы жылғы 14 наурызда енгізілді.
Сондай-ақ, биылғы жылғы 1 сәуірге дейін белгіленген тәртіппен ҚР Парламентінің қарауына енгізілмек.