Үкімет Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын дамытудың кешенді жоспарын қабылдады

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің қорытынды отырысында Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары қабылданды.
None
None

Аталған жоспарды таныстырған ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің атап өтуінше, соңғы уақытта «Қазақмыс» ЖШС-ның Жезқазған кен орындарында кен өндіру көлемі 28 млн. тоннадан 19 млн. тоннаға дейін кеміген. Бұған қоса кен құрамындағы мыстың көлемі 2 есеге дейін азайған. Бұл мыс өндірісінің құлдырауына әкеп отыр. Сондықтан Үкімет қабылдаған кешенді жоспарда «Қазақмыс» кәсіпорнында жаңа технологияларды енгізумен байланысты түйткілді мәселелерді шешу көзделген.

«Қабылданған барлық шаралардың нәтижесінде 2020 жылға қарай салық түсімдері қосымша 323 млрд. теңгені құрайды, өңірдегі өнеркәсіп өнімі 32 пайызға артады. Шағын және орта бизнес те өндіріс көлемін қосымша 9 пайызға арттырады. Аталған кәсіпорынның 22 мың қызметкерінің орташа жалақысы 14 пайызға өседі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар