Үкімет жыл соңына дейін білім беру жүйесі үшін сабақтардың жаңа жіктемесін әзірлейді - Г.Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет жыл соңына дейін білім беру жүйесі үшін жаңа сабақтардың жіктемесін әзірлейді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдау барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Үкімет жыл соңына дейін білім беру жүйесі үшін сабақтардың жаңа жіктемесін әзірлейді - Г.Әбдіқалықова

Оның атап өтуінше, еңбек нарығы мен білім беру процесі арасындағы өзара байланысты регламенттейтін стандарттарды жаңарту мәселесіндегі алғашқы кезектегі қадам сабақ жіктемелерін жетілдіру болмақ. Оны жұмыс берушілер мен білім беру жүйесі басшылыққа алуы тиіс.

«Сабақтардың жаңа жіктемесі салалық белгілері және біліктілік деңгейіне қарай кәсіптерді жіктеп, сабақтарды бөлуді қарастырады. Менің ойымша, бұл жіктемені үкімет жыл соңына дейін қабылдайды», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Г.Әбдіқалықованың сөзіне қарағанда, кадрларды дайындау жүйесіндегі жаңа элемент барлық кәсіптер бойынша білімді, дағдыны және құзіретті айқындайтын білім мен бизнес арасындағы өзара байланысты айқындайтын кәсіби стандарттарға айналады.

«Олардың негізінде жаңа білім беру бағдарламасы әзірленуі тиіс», - деді ол.