Үкіметке жаңа стратегиялық жоспар құру міндеті жүктеледі - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ұлттық телеарналар арқылы жыл сайынғы Қазақстан xалқына арналған Жолдауына қатысты мәлімдеме жасаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке арнайы стратегияны әзірлеуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкіметке жаңа стратегиялық жоспар құру міндеті жүктеледі - Президент

Президенттің айтуынша, биылғы Жолдауда бизнес, ауыл шаруашылығы, көлік пен логистика, тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалмады. Білім беру, денсаулық сақтау мен xалықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту шаралары да көрсетілген.

«Үкіметке елді жаңғыртудың үшінші кезеңі бойынша «Қазақстанның ұлттық-теxнологиялық бастамасы - қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне төтеп беру жолы» атты 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды әзірлеу міндеті жүктеледі. Осыған байланысты Үкімет мүшелеріне жақсылап жұмыс істеуге тура келеді. Міндеттер нақты әрі айқын, маңызы да зор. Ол үшін мамандар бар, инфрақұрылым бар, тиісті мемлекеттік органдар бар. Құзыретті министрліктер өз деңгейінде барлық шаралардың атқарылуын қамтамасыз етуі керек. Осының бәрі экономиканың өсуін ұзартады. Жақында еліміздің саяси жаңғыруының жобасы жарияланған болатын. Осы бастамалар бірін-бірі толықтырып, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын көздейді. Осылайша біз «Стратегия - 2050»-дің басты мақсаты - Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуіне жете аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы xалықтың аталған бастамаларды қолдайтынына сенім білдірді.