Үкіметте 12 жылдық білім беру мәселесі қаралады

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - 12 жылдық білім беру стандарты Үкіметте қаралады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясы аясында өткен арнайы секцияда 12 жылдық білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуші мамандардың бірі, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек мәлім етті.

Үкіметте 12 жылдық білім беру мәселесі қаралады

«Бүгінде біз 12 жылдық білім беруге түбегейлі бет бұрдық деп айтуға болады. Себебі бұған дейін аталған жүйеге көшу-көшпеу төңірегінде көп әңгіме болды. Соңғы он жыл бойы осы әңгіме жалғасып келе жатыр. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі осы стандартты қабылдап, 12 жылдық білімге көшуге түбегейлі шешім қабылдап отыр. Бұл мәселе ел Үкіметінде екі мәрте қаралды. Енді, тамыздың 29-ында Премьер-Министр Серік Ахметовтің алдында қаралатын болады», - дейді ол.