Үкіметте 2009 жылғы халық санағына жәрдем беру жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен 2009 жылғы халық санағына жәрдем беру жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Санаққа жәрдем беру жөніндегі республикалық комиссия санақшы кадрларды іріктеуді және жергілікті жерлерде статистика органдарына көмек көрсету аясында жоспарлы шараларды жүргізуге қажетті жағдай құру ісін бақылайды.Мәжіліске министрлер орынбасарлары, облыстар әкімдерінің сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, бағынышты ұйымдар мен мекемелерде және тиісті аймақтарда ұлттық халық санағын жүргізу мен ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдар қатысты.Мәжіліс барысында комиссия аймақтардың санаққа дайындық деңгейі, санақшы кадрларды іріктеу туралы жұмыс, оларды оқыту, керек-жарақпен, ғимараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жалпыұлттық санақты жүргізу туралы халыққа түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты мәселелерді талқылады.Халық санағы жалпұлттық акциясының саяси және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы атап өтілді. Атап айтқанда, републикалық және жергілікті бюджеттерді анықтау барысында санақ қорытындысы бойынша алынған мәліметтердің маңызды рөлі атап өтілді. Ө.Шөкеев жергілікті бюджеттерге бөлінетін тікелей субвенциялардың мөлшері аймақтағы тұрғындардың санына қарай айқындалатынына тоқталды.Уақытша санақшы кадрлар санатындағы жұмысқа маусымдық жұмысшылар, жартылай жұмыс күні бойынша және кезекті немесе ақысыз демалыста жүрген қызметкерлер тартылуы керек екені атап өтілді.Акцияға тартылғандардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында бөлінген қаражат пен адами ресурстарды тең жағдайда бөлу, сондай-ақ жоспарланған шараларды мерзімінде өткізуді қамтамасыз ету үшін Ө.Шөкеев барлық жауапты тұлғаларға бір апта мерзім ішінде әр елдімекен, аудан, облыс деңгейінде санақты жүргізудің күнделікті кестесін жасауды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жергілікті жерлерде статистика агенттігінің арнайы штабы ұйымдастырған үздіксіз, ақпаратты тәулік бойы жинап, өңдеу арқылы санақты жүргізу барысын бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне ақпанның 16-сына дейінгі мерзімде халық санағы жөнінде аймақтық комиссияның отырысын өткізіп, барлық қызметтердің халық санағын өткізуге дайындық деңгейін айқындау тапсырылды. Премьер-Министрдің орынбасары осы мерзім ішінде әкімдерге статистика агенттігімен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдарда, бағынышты ұйымдарда санақты жүргізу барысы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, әкімдерге жекеменшік ұйымдардың жетекшілерінің арасында ұжымға санақты жүргізу тәртібін түсіндіруді ұйымдастыру жүктелді. Аймақ басшыларына елді-мекендерде ПИК төрағаларының, көше комитеттерінің арасында тиісті үйлер мен көшелерде санақ жүргізудің кестесін жеткізу арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.Облыстар әкімдеріне ақпанның 9-ына дейін санақшылар мен бақылаушы-нұсқаушылардың толық құрамын іріктеуді, сондай-ақ, статистика органдарына ғимараттарды таңдауда көмек көрсету, тұрғындарды олардың мекен-жайы туралы хабарландыруды қамтамасыз ету жүктелді.Ө.Шөкеев мемлекеттік органдардың басшыларына бағынышты мекемелер мен орталық мемлекеттік органдардың құрылымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпанның 5-іне дейін әкімшілік мәліметтерді беруге қатысты статистика органдарына жәрдем беруді тапсырды.Мәдениет және ақпарат министрлігіне акция соңына дейін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.Статистика агенттігіне және ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне кеден бекеттеріндегі халықты есепке алу шараларын қабылдау жүктелді.
Соңғы жаңалықтар