Үкіметте агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтеді
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Астанада желтоқсанның 13-і күні агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне арналған республикалық кеңес өтеді.
Бұл кеңес «Елдің агроөнеркәсіптік кешенінің 2009 жылғы даму қорытындысы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер» тақырыбына арналып отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.