15:28, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Үкіметте Астана қаласында ЕХРО-2017 халықаралық арнаулы көрмесін өткізу мәселелері талқыланды
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссорталеспен кездесті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық арнаулы көрмесін өткізу мәселелері талқыланды.Ө.Шөкеев мұндай кең ауқымды шараның Қазақстан астанасында өткізілуі бет-бейнені танытып, беделді көтеруге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар, Астана қаласының әрі қарай қарқынды дамуын қамтамасыз ететініе тоқталды.Бірінші вице-премьер Астана қаласындағы EXPO-2017 нысандарының құрылысына инвестиция тарту, сондай-ақ, ХКБ тарапынан қаржыландыру Қазақстан астанасына орталықазия аймағында ғана емес, бүкіл ТМД-да озық көрме алаңына айналуға мүмкіндік беретінін айтты.Әлемдік дәрежедегі шараның өткізілуі қаланың инфрақұрылымын дамытып, көрме нысандарының құрылысы мен оларға қызмет көрсетуде мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шетелдік туристердің қызығушылығын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.Ө.Шөкеев Қазақстан Шанхай қаласында өтетін EXPO-2010 көрмесіне қатысуға, сондай-ақ Астана қаласында 2017 жылы халықаралық көрмені өткізуге қызығушылық танытып отырғанын айта келе, оны ұйымдастыру, ең жоғары деңгейде өткізуге қатысты барлық мәселелердің шешілетініне сенім білдірді.Өз кезегінде Висенте Гонсалес Лоссорталес Астана қаласының даму қарқынын жоғары бағалап, EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын алуға Қазақстанның толық мүмкіншілігі бар екенін атап өтті. Ол, сонымен қатар, аталған мәселе ХКБ-да жан-жақты қаралатынын айтты.ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев EXPO-2017 көрмесін ұйымдастырып, өткізу үшін Астана қаласының өтінімін беру жөнінде Қазақстанның іс-қимыл жоспарын әзірлейтін жұмыс тобын құру туралы тапсырма берді.