Үкіметте ЭЫДҰ Жол картасын әзірлеу мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

 Үкіметте ЭЫДҰ Жол картасын әзірлеу мәселелері талқыланды

Отырыс барысында ЭЫДҰ ұсыныстарын іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеу мәселелері және бұл ұйыммен алдағы уақыттағы өзара іс-қимылдың тетіктері талқыланды.