20:52, 16 Қараша 2012 | GMT +5
Үкіметте Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
ҚР Премьерінің сайтында хабарланғандай, күн тәртібінде ҮИИД МБ-ның негізгі мақсатты көрсеткіштерін атқару мәселелері, Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру барысы және мемлекеттік бағдарламаның жүйелік мәселелері қаралды.