21:17, 12 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Үкіметте индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР Премьер-Министрі Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
Отырыс барысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.