Үкіметте Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

АНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылар электр энергетикасы, мұнай-газ, металлургия салалары мен химия өнеркәсібіндегі, фармацевтика саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу жайы туралы хабарламаны тыңдап, аталған жобаларды іс жүзіне асыруға бағытталған шараларды талқылады.

К.Мәсімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолдағы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды және Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар