Үкіметте KEGOC акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелі ортаға беру мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, өңір әкімдіктері, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингтері және басқа да ұйым басшыларының қатысуымен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметте KEGOC акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелі ортаға беру мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суды тазарту деңгейін 78%-дан 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріз тазарту құрылысын салу жоспары қаралған.

Сонымен қатар «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметінің мәселелері, «KEGOC» АҚ акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алып тастау мәселелері талқыланды.