Үкіметте ҚР Президенті тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралары жоспары қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Үкіметінің отырысында Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралары жоспары қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Үкіметте ҚР Президенті тапсырмаларын жүзеге асыру іс-шаралары жоспары қаралады

Министр өз сөзінде отандық компаниялардың өнімдеріне ішкі сұранысты қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін ағымдағы жылдың ақпанынан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған барлық жобаларды қаржыландыруды бастау тапсырылғанын еске салды.

«Үкімет Мемлекет басшысының 2015 жылдың 11 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын нақты мерзімін көрсете отырып әзірледі. Ертең аталған жоспар Үкімет отырысында қаралатын болады», - деді Е.Досаев.