Үкіметте министр Бишімбаевтың тіркеу карточкасы істемей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың тіркеу карточкасы істемей қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкіметте министр Бишімбаевтың тіркеу карточкасы істемей қалды

Отырыс барысында Министрлер кабинеті келесі жылда заң қабылдау жұмысына қатысты қаулыны мақұлдаған болатын. Құжатты мақұлдау үшін барлық министрлер өз карточкаларын салып, дауыс беру жүйесіне тіркелуі керек. Алайда бірден Қуандық Бишімбаевтың тіркелмегені туралы xабар берілді. Министр: "Менікі істемей тұр", - деп ақталды. Артынан дін істері және азаматтық қоғам министрі Ермекбаев мырзаның да тіркеуден өтпегені анықталды. Осы кезде Үкімет басшысы екі министрдің тіркеуден өтуін сұрады. Алайда министр Бишімбаев теxниканың істемей қалғанын тағы да алға тартты. Оған Үкімет басшысы: "Сіз карточканы қайтадан салыңыз. Міне, қосылды. Енді, дауыс береміз", - деп көмектесті. Сосын "жылдың соңында күш те қалмаған, техника болса істеп тұр, қол дірілдеп тұр ма" деп қалжыңдап қойды.