Үкіметте «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы қаралады
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Үкіметте «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы қаралады. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Ертең, 11 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің дәстүрлі отырысы Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтеді. Онда «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы мен Қазақстандағы парникті газдардың шығуын реттеу мәселесі кеңінен талқыланбақ», - деп А.Әбибуллаев.
Ресми өкілдің атап өтуінше, аталған мәселелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов пен Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндама жасайтын болады.