Үкіметте «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша селекторлық режимде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайтынан хабарланды.
None
None

Отырыс барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова жобаларды іріктеу мен бөлу өлшемдерін және инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарын дамыту арқылы жұмыспен қамту бойынша бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру барысындағы қаржы лимиттерін анықтау критерийлерін таныстырды.

Оның айтуынша, бірінші бағыт бойынша қарастырылған 20 млрд. теңге бекітілген критерийлер негізінде жүзеге асырылуы тиіс, 5% республикалық меншік нысандарына; 95% жергілікті маңыздағы нысандарға бөлінетін болады.

Өз кезегінде, өңірлер арасында қаржы 80% тұрғындардың санын есепке ала отырып, 20% өткен кезеңде жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылардың еңбекпен қамтылуы, жұмыссыздар санының қысқаруы, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтушылығына байланысты көрсеткіштері бойынша облыстар жұмысының нәтижелілігіне қарай бөлінетін болады.

Ағымдағы жылы бірінші бағыт шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу критерийлеріне «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардың жұмыспен қамтылуы үшін қарастырылған жұмыс орындарының саны; орташа жалақы көлемі 35 мың теңгеден кем болмауы шарттары арқылы анықтау ұсынылды.

Осылайша, үстіміздегі жылы Бағдарламаның бірінші бағытындағы жалпы сомасы 19 млрд. теңге болатын 14 облыс бойынша 718 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар, 8415 жұмыс орны құрылса, оның 4926-сы Бағдарламаға қатысушыларға арналады.

Сондай-ақ, Өңірлік даму министрлігімен бірлесіп «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде кешенді дамыту мақсатында үстіміздегі жылы тірек ауылдарының тізімі келісілді. Тірек ауылдарын кешенді дамыту үшін «пилоттық» жобада еліміздің алты өңірінен 11 ауыл анықталып, алынды.

Бұдан басқа, облыс әкімдерінің мақсатты индикаторларға жету және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын орындауға бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы бойынша аралық есеп беру кестесі келісілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум