Үкіметтегі кадрлық ауысулар аяқталды - Премьер-Министр

аурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкіметтегі кадрлық ауысулар аяқталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,

Үкіметтегі кадрлық ауысулар аяқталды - Премьер-Министр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кадрлық өзгерістер әзірше осымен аяқталды. Сондықтан енді барлықтарыңызға жұмыс істеу керек»,-деп атап өтті Үкімет басшысы.

Осы орайда К. Мәсімов бүгін барлық орынбасарларын шақырып, міндеттерді өзара бөлетінін жеткізді.

Үкімет басшысы ҚР Президент көмекшісі болып тағайындалған бұрынғы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов енді Үкімет қызметінің бағытында жұмыс істейтінін айтып өтті.

Айта кетейік, наурыздың 12-сінде Елбасы бірқатар министрліктерді қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген болатын.