Үкіметтік делегация Алматы облысындағы Іле ауданының ірі нысандарына барады
Үкіметтік жұмыс тобы Іле ауданының ірі нысандарына барады. Мұнда «Алматы және Алматы облысының серіктес 4 қаласының құрылысы» » (G-4 City) жобасы іске асырылуда. Атап өтілгендей, Алматыға тікелей іргелес жатқан өңір аумағын Алматы облысының юрисдикциясын сақтай отырып, елдің ірі мегаполисі ретінде шоғырландыру қалыптасып келеді.
Жұмыс сапарының қорытындылары облыс активімен өтетін кеңесте шығарылады. Онда проблемалық сұрақтарды шешу жолдары талқыланып, аймақты дамытудың негізгі басымдықтары белгіленеді.
Алматы облысында индустриялық-инновациялық жобалар ерекше нәтижелілікпен даму үстінде. Осылайша, 2010-2011 жылдары 216,3 млрд. теңгеге 22 инвестициялық жоба іске қосылып, 3635 жаңа жұмыс орны құрылды. 2012 жылдың 9 айының ішіндегі негізгі капиталға инвестициялар 2011 жылдың осындай кезеңінің деңгейіне қарағанда 266,6 млрд. теңгені немесе 101,3 пайызды құрады.