Үкіметтік емес сектор әр кезде де әлеуметтік жаңартуларды жеткізуші болды - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Соловьева
АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Үкіметтік емес сектор әр кезде де әлеуметтік жаңартулармен үздік идеяларды жеткізуші болды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымдастыруымен SocialCamp Astana 2010 атты еліміздің үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) үшін ауқымды бейресми конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Соловьева айтты.
Конференцияның басты мақсаты - елдің қоғамдық секторының жұмысын елеулірек, ашығырақ және тиімдірек ете түсу. SocialCamp Astana 2010 міндеттерінің ішінде қоғамдық секторды дамытуға жаңа ынта беру және жақын арадағы үш жылғы жұмыстардың негізгі трендтерін белгілеу де бар.
Елдің әртүрлі қайырымдылық қорлары, қоғамдық бірлестіктері, жастар және волонтерлік ұйымдары, блогерлері мен бастамашы топтары Астанада бас қосып, үш күн бойы фандрейзинг мәдениетін оқып, әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін үйренуге бас қосады. Сондай-ақ олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, 2012-2015 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына идеялары мен ұсыныстарын енгізеді.
Аталған алқалы жиын аясында Social Ideas Market атты әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өткізілмек. Ұсынылған өтінімдерден ең жарқын және нәтижеге бағытталған жобалар таңдалып, олар жалпы сомасы 3000 долларлық грантқа ие болады.