Үкіметтік емес сектор өкілдері Қазақстанның ел бірлігі доктринасын талқылауға белсенді араласқандары дұрыс - Мәдениет және ақпарат министрлігі

sp;АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мен үкіметтік емес секторды жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын. Қазіргі таңда Қазақстанның ел бірлігі доктринасы қоғам арасында кеңінен талқылануда. Елбасы тікелей желі арқылы жолданған сауалдарға жауап беру кезінде еліміз үшін стратегиялық маңызды құжатты талқылау шараларына еліміздің барлық интелектуалды әлеуетін жұмылдыру қажеттігін атап өткен болатын. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдар осы істі жүзеге асыруға белсенді атсалысса игі болар еді»,

Үкіметтік емес сектор өкілдері Қазақстанның ел бірлігі доктринасын  талқылауға белсенді араласқандары дұрыс - Мәдениет және ақпарат министрлігі

деді бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің  жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сондай-ақ ол Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтар тарапынан көтерілген бастамаларды жүзеге асыруға әзір екендігін атап өтті.

«Бұл орайда екіжақты бірлескен қимылдардың болашағынан зор үміт күттіретіні - ұлтаралық, конфессияаралық бірлікті нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға, қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар», деді министрлік өкілі.

 Сондай-ақ оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар өздерінің қызмет ауқымын кеңейткендері де жөн. Өйткені қазір аталмыш ұйымдардың өкілдері тек ірі қалаларда ғана белсенді қызмет етуде.