Үкіметтік емес сектордың назары әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі ашық конкурсқа аударылып отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл конкурсқа Қазақстанның барлық үкіметтік емес секторының назары аударылды десек, артық айтқандық емес.
Елбасының бірінші Азаматтық форумда берген тапсырмасы бойынша, 2003 жылдан бастап мемлекет әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырыстар жасап келеді. Бұл мақсатқа бөлініп отырған қаражаттың көлемі жыл сайын артып келеді. Ал ІІ форумда Елбасы бұл көрсеткішті 1 миллиард теңгеге дейін арттыру туралы міндет қойып еді. 2008 жылы жалпы ел бойынша үкіметтік емес секторды қолдауға республикалық және жергілікті бюджеттен 1,8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Республикалық бюджеттің күрделі экономикалық конъюнктурасы мен секвестріне қарамастан, мемлекет үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға қарастырылған қаражатты бірде-бір тиынға қысқартқан жоқ. Оған қоса, былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл қаржының көлемі 23 пайызға өсті және 917,2 миллион теңгені құрады. Алғаш рет конкурсқа 175 лот шығарылды, бұрын-соңды мұндай көп тапсырыс болмаған.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған лоттар қазіргі қазақстандық қоғамның барлық саласын қамтып отыр. Қоғамды дамытудың өзекті проблемаларын талқылау жөніндегі дәстүрлі «дөңгелек үстел» отырыстары мен семинарларға қоса, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арнаулы такси қызметін құру, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған газет шығару, шығармашылық фестивальдер, ұлттық мәдениет орталықтарының іс-шараларын ұйымдастыру, т.б.с.с. нақты жобаларды өткізу де ұсынылды.
Ашық конкурстарды мұншалықты көлемде Мәдениет және ақпарат министрлігінен басқа, өкінішке орай, бірде-бір министрлік өткізбейтіндіктен, лот тақырыптары анағұрлым кеңейтілді, оған экология, денсаулық сақтау, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері де кірді.
Биыл тендерлік конкурстық құжаттар біршама оңайлатылғанын айта кету керек, онда өтініштерді толтыруға қойылатын талаптар нақтыланып, кеңестер мен түсіндірмелер берілген. Атап айтқанда, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға, ондағы үкіметтік емес ұйымдарға қатысты тарауға қажетті түзетулер енгізілді. Конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдардың конкурстық өтініштерін 1 пайыздық қамтамасыз ету туралы талап алып тасталды, заңды тұлғаның құқықтық қабілетін айғақтайтын құжаттарды нотариальдық куәландыру туралы талап та жойылды.
Дегенмен, берілген өтініштердің тек 30 пайызын ғана конкурстық комиссия талаптарға сай деп таныды. Оның себептері неде? Конкурстық комиссияның тым қаталдығында ма, әлде ашық конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби деңгейлерінің төмендігінде ме?
Ия, комиссия өте қатал және қазымыр болған шығар. СТТН немесе өз банкінің мекен-жайын көрсетпегенін үшін конкурстан тыс қалған ұйымдар болды. Комиссия сондай-ақ әлеуетті жеткізілу ұйым миссиясының, жұмыс әдістері мен түрлерінің жобаға сәйкестігін, персоналдың құрамы мен біліктілігін қадағалады. Ұсақ-түйек деген болған жоқ, барлық мәселе назарға алынды.
Комиссияны шектен тыс қатал болды деп айыптауға болмайды. Себебі, өтінішті қалай болса, солай толтырған ұйымның жобаны сапалы орындайтыны күмән туғызатыны анық. Ал бұл жобалар халықтың ақшасына жүзеге асырылады, сондықтан та талап ерекше болуы керек.
Аталмыш ашық конкурстың өткізілуі, үкіметтік емес ұйымдардың барлығы конкурс құжаттарын толтыруда жауапты бола бермейтінін көрсетті. Мәселенің маңыздылығын түсінбеу үрдісі байқалады. Үкіметтік емес сектордағылар ең алдымен, құжатты толтыра білуді, құжаттармен жұмыс істей білуді, жобаның мақсат-міндеттерін сауатты тұжырымдай білуді және өз біліктіліктері мен шеберліктерін көрсете білуді үйренулері керек.
www.mki.gov.kz сайтында конкурсқа қатыстырудың хаттамасы жария етілгеннен кейін, Астанадағы Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету орталығына, ақпараттық-ресурстық орталыққа телефон шалғандар көп болды. Әрине, конкурстың қорытындысына риза еместер де болды, дегенмен, үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі жіберген кемшіліктерін түзетуге әзір екендерін және жаңа конкурсқа дайындалатындарын жеткізді.
«Барлық қиыншылықты жеңетін бір ғана күш бар, ол - біздің бірлігіміз», - деп атап көрсетті Елбасы өз Жолдауында. Ол барша қазақстандықтарды еңбекқорлыққа, табандылыққа шақырды, көмекке мұқтаждарға қамқорлық жасауға, көмектесуге үндеді.
Бірлік - ең алдымен, баршамыздың әлеуметтік ынтымақтастығымыз, әлеуметтік жауапкершілігіміз. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырыс жасай отырып, мемлекет үкіметтік емес ұйымдарға көмектеседі, ал ол ұйымдар өз кезектерінде қазақстандықтардың нақты проблемаларын шешеді.
Анықтама: Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурстардың 2003-2009 жылдар аралығындағы өткізілуі
№ |
Өткізілген жыл |
Берілген өтініштердің саны |
Конкурсқа жеңген жобалардың саны |
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бөлінген сома ( мың.теңге) |
1. |
2003 жыл |
120 |
20 |
10,7 |
2. |
2004 жыл |
142 |
20 |
9,7 |
3. |
2005 жыл |
234 |
50 |
59,7 |
4. |
2006 жыл |
250 |
60 |
200,0 |
5. |
2007 жыл |
392 |
70 |
299 ,0 |
6. |
2008 жыл |
400 |
125 |
700,0 |
7. |
2009 жыл |
343 |
175 |
917,2 |