Үкіметтік емес ұйым өзінің құқын қорғай білуі тиіс - Элизабет Урнер
sp;АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат /Ризуангүл Садықова/ - Коммерциялық емес құқықтың халықаралық орталығы (ICNL) Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) және басқа да мүдделі адамдармен бүкіл әлем бойынша азаматтық қоғам мен бірлестіктер бостандығына көмектесу және қолдау көрсету мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетуге маманданған халықаралық сараптық ұйым болып табылады.
Орталық Азия елдерінде ICNL 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Біздің бүгінгі қонағымыз - ІҮ Азаматтық форумның делегаты, Коммерциялық емес құқықтың халықаралық орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының директоры Элизабет Урнер.
- Сіздің Орталықтың тарихы және оның Қазақстандағы қызметі туралы әңгімелеп берсеңіз.
- Біздің Орталық Азияда жұмыс істегенімізге 12 жыл болды. Мұндағы біздің мақсатымыз - жаңа және қазіргі қолданыстағы тиімді заңнаманы орындауға бағытталған. Қолдау көрсете отырып азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін заңдылық тұрғыдан реттеуді жақсарту болып табылады. ICNL қызметін өзінің Алматыдағы өкілдігі және Бішкектегі, Душанбе мен Ашғабадтағы офистері арқылы жүзеге асырады.
ICNL азаматтық қоғам ұйымдарының нормативтік базаларын дамытуға, қайта құрылымдау үдерісінде олардың толық құқықтық қатысуына қолдау көрсетуге жәрдемдеседі. Бұл жобалар Америкалық халықаралық даму жөніндегі агенттіктің қаржыландырумен жүзеге асырылады. ICNL «әділ брокер» ретінде азаматтық қоғамға қатысушылардың мемлекеттік шенеуніктерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ал олар мұндай реформаларды жүзеге асыруда негізгі шешімдер қабылдайды. Аталған үдерістің нәтижесі өз құқықтарын қорғау жөніндегі ҮЕҰ біліктіліктерін жақсарту, саяси диалог жүргізу және қажетті байланыстар орнату болып табылады.
ICNL ҰЕҰ бойынша мол мәліметтері және әлемнің 170-тен астам елінің заңнамалық актілері туралы салыстырмалы ақпараты бар. ICNL жұмысының мақсаты университеттердің оқу жоспарларына коммерциялық емес құқықтар бойынша курстар енгізу жолымен қолайлы заңнамалық және нормативтік базалар орнату болып табылады. Сондай-ақ бұл ҮЕҰ және мемлекеттік органдар өкілдері үшін заңгерлік көмек көрсету жолымен, ҮЕҰ мен үкіметтің өзара іс-қимылына қолдау көрсету, сондай-ақ ішкі саясатты зерттеумен және талдап жасаумен айналысатын институттардың және зерттеу орталықтарының бағдарламаларына коммерциялық емес заңнамалар мәселесін енгізу. ICNL қызметіне мыналар кіреді: ҮЕҰ-ға заңгерлік сараптамалық-техникалық, мемлекеттік қызметшілерге, парламентарийлер мен мамандарға азаматтық қоғам қызметін реттейтін заңнамаларды талдап жасауға және жүзеге асыруға; әрбір елдегі заңгерлер желісі арқылы азаматтық қоғам ұйымдары мен басқа да мүдделі адамдарға заңгерлік ақпараттар беру; ҮЕҰ қызметін реттеу мәселелері бойынша ғылыми, құқықтық, социологиялық және басқа да зерттеулерге қолдау көрсету және талдау жасау; коммерциялық емес заңнамаға қатысты мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар және дөңгелек столдар өткізу; коммерциялық емес сектордың стандарттарын белгілеу және оларды реттеу; Үкіметтік емес ұйымдардың заңгерлерін, мемлекеттік қызметшілерді, судьяларды, парламентарийлерді және үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын коммерциялық құқық бойынша оқулықтармен және талдама материалдармен қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының алда 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысынан Сіз Азаматтық форумға қандай баға берер едіңіз?
- Қазақстан өз аймағында сыйлы және мықты көшбасшы екендігін дәлелдеген. Адам құқығы саласындағы іс-қимылдың ұлттық жоспары - адам құқы, адам құқын қорғаудың ұлттық жүйесі саласында заңнамалық базаны жетілдірудің маңызды механизмі болмақшы. Қазақстандық заңнаманы халықаралық нормалармен сәйкестендіру үшін, әсіресе қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың басшыларына жауап жүктейтін біршама кемсітушілік ережелерін жою тұрғысынан, белгілі бір жұмыстар атқару қажет. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанға адам құқын және негізгі демократиялық құндылықтарды мойындайтынын көрсетуге, сондай-ақ халқының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Биылғы Азаматтық форум Қазақстанда қоғам мен үкімет арасындағы серіктестік нығайып келе жатқандығын дәлелдейді. ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде Қазақстан аймақтың басқа да елдері үшін лайықты мысал болатындығына мен сенімдімін.
- Сіз 2 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда тұрып, еңбек етесіз. Біздің жастарымыз үшін өзіңіз туралы және кәсіби мансабыңыз жайында көбірек білген қызықты болар еді.
- Рас, мен Қазақстанға 2008 жылы келдім. Бұған дейін Еуропа елдерінде, Таяу Шығыста, Азияда және АҚШ-та жеке заңгер болып қызмет еттім. Адамзат қоғамының күш-қуаты біздің мықты әлеуметтік және интеллектуальды қоғамдастық құруға деген мүмкіндігімізде болып табылады деп ойлаймын. Соның арқасында біз өзіміздің мүмкіндіктеріміз бен талантымызды шоғырландыра аламыз. Мен Қазақстанда немесе Орталық Азияның басқа да қай елінде болсам да, бұл аймақтың қызықты тарихына кез боламын. Ол - сәулет өнері, географиясы, көпұлтты халықтың қонақжайлылығы. Мен осында жұмыс істегеніме қуаныштымын және адам құқы жөніндегі заңнама саласында Қазақстанда айтарлықтай алға басушылықты байқап отырмын. Сондай-ақ оның халқының әсемдігі мен қажырлылығына қайран қаламын.
- Әңгімеңізге үлкен рахмет.