Үкіметтік емес ұйымдар қабылданып жатқан заңдардың сараптамасына қатысуға ниетті
Бүгін Астанада өткен жиында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова осы мәселені көтерді.
«Қазіргі кезде ондай сараптамаға үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген жалғыз «Атамекен» Одағы қатысып жүр. Бірақ ол тек шағын және орта бизнес мәселесін ғана қарастыра алады. Ал әлеуметік сала проблемаларын халықтың арасында жүрген үкіметтік емес ұйымдар көтеріп, тиісті заңнаманың сарапатамасын өткізуі тиіс. Ол үшін ондай ұйымдарды арнайы тіркеуден өткізіп, олардың құқықтарын заңды түрде бекіту қажет-ақ», - дейді З.Батталова.
Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел заңнамасын қайта қарап, түгендеп шығуды тапсырған. «Осы орайда үкіметтік емес ұйымдар отандық заңнаманы түгендеп қана қоймай, оны жетілдіруге көмектесе алады», - деп атап көрсетті З.Батталова.