12:39, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Үкіметтік емес ұйымдар жиындарды кез келген жерде өткізу мәселесін көтеріп отыр
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық жерлерде жиын өткізудің еркін құқығы мәселесін көтеріп отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный мәлім етті.
«Бүгінде бұл мәселе талқыланып жатыр. Оның аясында пікірталас көп. Сондықтан нақты бір шешімге келу керек деп ойлаймын», - дейді В.Калюжный. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы атап көрсеткендей, жиналыс пен митингтерді кез келген жерде өткізуге рұқсат берілетін болса, оған қатыспайтын басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектеледі.