Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қаржалындырудың жаңа нысандары енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қаржалындырудың жаңа нысандары енгізіледі

Аталған заң жобасы азаматтардың әлеуметтікң бастамаларын іске асырудың пәрменді құралы болуға тиісті қазақстандық қоғамды одан әрі әлеуметтік жаңғырту және азаматтық қоғам институттарын жетілдіру мақсатында Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Бұл ретте құжатта үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін, олардың қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру, сонымен бірге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдау шаралары көзделеді.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, мемелкеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын жетілдіруде бірқатар бағыттар шаралар атқаратын болады. Атап айтқанда, ҮЕҰ үшін мемлекеттік, мемелкеттік емес гранттар мен республикалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік міндеттерді шешуге еләуір үлес қосқандары үшін сыйлықақылар түрінде қаржыландырудың жаңа нысандары енгізіледі.

Бұдан бөлек мемлекет пен қоғамда болып жатқан процестерге жедел ден қою мақсатында ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы бірыңғай оператордың функцияларын орындайтын ұйым құрылады. Сонымен бірге, заң жобасы шеңберінде ҮЕҰ жауаптылығын нақтылау, олардың қоғам алдындағы ашықтығын қамту қағидаттары да енгізіледі.