Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі  қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау мәселесі туралы  4-ші  отырысы өтіп жатыр, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық кеңестің қараша айында өткен 3-ші отырысы экологиялық мәселелерге арналған болатын. Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары Әділ Несіпбаевтың айтуынша, онда  жасалған барлық ұсыныстар мүдделі қоғамдық орындарға жолданды. Ал бұл мәжіліске  денсаулық сақтау құрылымдарының басшылары мен осы мәселемен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар шақырылып отыр.  Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу туралы баяндама жасаған  қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Еркін Дүрімбетовтің сөзіне қарағанда, бұл мәселе бұған  дейін ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Ондағы бірінші қағида - дәрігерлер мен медициналық мекемелерді таңдау. Екінші, бәсекелестік ортаны қалыптастыру. Үшінші, медициналық қызметі көрсетудің ашықтығы болып отыр. Оны енгізуге қажетті  нормативтік құқықтық базалар жасалып, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Акредитацияға  қатысқан 70 медициналық мекеменің 69-ы бір жылға, біреуі 3  жылға  акредиттелді. Олардың үшеуі жеке, ал қалғаны  ведомстволық   мекемелер болып отыр.  

Соңғы жаңалықтар