Үкіметтік комиссия Байзақ ауданындағы оқиға орнына барды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия оқиға орнына барды6 деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған, құрамында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері бар комиссия зардап шеккен нысандарымен танысып, мән-жайға қанықты.



